07:57 07 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
135 0 0

"Қызыл" мәртебесі барлар – үйде емделетін адамдар. Олар қатаң карантинде отыруға тиіс. Ал "сарылар" үшін жарым-жартылай шектеу бар

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова "Ashyq" қосымшасының тиімділігі туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Осы айда "Ashyq" қосымшасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарға кірген адамдардың арасында "қызыл" және "сары" мәртебесі бар 736 адам анықталды. Олардың ішінде қызыл - 299 адам және сары – 437 адам", - деді Бейсенова әкімдікте өткен онлайн брифингте.

Осы орайда бас санитар "қызыл" және "сары" мәртебенің қай уақытта берілетінін еске салды. "Қызылдар" – үйде емделетін адамдар. Олар қатаң карантинде отыруға тиіс. Ал "сарылар" үшін жарым-жартылай шектеулер бар. Осы санатқа кіретіндер ПТР-тестің ақпараттық базасында науқаспен байланыста болған адам ретінде белгіленген. Оларға тек азық-түлік пен шаруашылық дүкендерге, сондай-ақ, дәріханаларға ғана баруға болады. Соның өзінде үйден 500 метрге шалғай жерге шығуға тыйым салынған.

Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаты Ashyq қосымшасын сынап тастады 

"Ashyq" қосымшасында "көк" және "жасыл" түстер бар. "Көктер" ПТР-тесті талап ететін жерден басқа кез келген орындарға кіре алады. Ал "жасылдар" – ПТР тест тапсырғандар. Олар үшін ешқандай шектеу жоқ.         

Нұр-Сұлтан қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдинаның айтуынша, бас кезінде қала бойынша "Ashyq" пилоттық жобасына шамамен 30 кәсіпкерлік нысан қатысқан. Қазіргі кезде олардың саны 200-ге жетті.

"Қоғамдық тамақтану орындарынан бөлек кинотеатрлар, моншалар, сауналар, компьютерлік клубтар, фитнес пен боулинг орталықтары да қосылды. "Ashyq" жобасының талаптарын бұзған кәсіпкерлік нысан екі апта бойы қосымшаға қосыла алмайды. Ал тәртіп бұзушылық қайталанса, оны екі аптаға шеттетіп қояды", - деп атап өтті Ермолдина.

Айта кетейік, соңғы бір тәуліктің ішінде республика бойынша 2 883 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР-тестпен расталды. Соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 584 адам бар.

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтанда кейбір дәмханалардың жұмыс уақыты сегізге дейін қысқаруы мүмкін
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіледі
Алматыда Арбатта серуендеуге болмайды: Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Алматы облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды – не өзгерді  
Балалар лагерьлері Ashyq арқылы жұмыс істеуі мүмкін
Загрузка...

Басты тақырып