16:14 24 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.61
  • EUR509.33
  • RUB5.88
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
1299 0 0

Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин Ақылбек Қыпшақбаевқа алғыс айтып, "Өрттегі ерлігі үшін" төсбелгісін табыстады

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Өрт кезінде көрсеткен ерлігі үшін астаналық азамат Ақылбек Қыпшақбаев төтенше жағдайлар министрінің құрметіне бөленді. Ол күні кеше елордадағы тұрғын үйлердің бірінде болған өрттен баланы құтқарып қалған болатын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ал Ақылбектің өзі бұл әрекетін ерлік деп санамайды. Менің орнымда кез-келген адам осындай қадамға барар еді дейді ол.

Оқиға 23 сәуірде күндіз сағат екілер шамасында Петров көшесіндегі 5-үйде болған. Отқа оранған пәтерде бала үйде жалғыз қалған.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін баланың айғайлап, көмек сұрап жылағанын естіген Ақылбек оны құтқаруға кіріскен.

"Үйдің 5 қабатына жылдам көтерілгенімде темір есіктің ішкі жағында баланың жылап жатқанын естідім. Содан көп ойланбастан 4-ші қабатқа түсіп, көршілердің терезесі арқылы баладан өрт сөндірушілерді күте аласың ба деп сұрадым. Ол күте алмайтынын және түтінге тұншыға бастағанын айтқан соң, оны қолыма секіруге көндірдім", – дейді Ақылбек Қыпшақбаев.

Бесінші қабаттан секіру қорқынышты болғанымен, ол сондай шешім қабылдады. Ал Ақылбек оны бірден қағып алған.

"Мен өзім туралы мүлдем ойламадым, тек баланы құтқаруды ойладым", – дейді кейіпкер.

Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин Ақылбек Қыпшақбаевқа алғыс айтып, "Өрттегі ерлігі үшін" төсбелгісін табыстады.

"Сіз біздің заманымыздың нағыз ержүрек батырысыз. Сіздің ерлігіңіз құрметке лайық. Өйткені әркім өз өмірін қатерге тігіп, өзге адамның өмірін сақтап қала алмайды", – деп атап өтті Ильин.

Оқи отырыңыз: Жылқысын тастап, жаяу аттанған: СҚО-да ағайынды екі бала опат бола жаздады

Айта кетейік, 34 жастағы Ақылбек Қыпшақбаев Шымкент қаласының тумасы. Бүгінде өзі төрт бала тәрбиелеп отырған әке.

Тақырып бойынша

Талдықорғанда суға батқан көлік жүргізушісін оқиға куәгері құтқарды
Көкшетаулық полицейлер 17 адамды өрттен құтқарды
Ит он жасар баланы қасқырдан құтқарды – видео
Қызылордада дәрігерлер ұялы телефонды жұтып қойған адамды құтқарды
Алматыда полицей ұйықтап жатқан адамды ажалдан құтқарды
Кілт сөздер:
марапат, ерлік, өрт
Загрузка...

Басты тақырып