Өңірлер

Жылқысын тастап, жаяу аттанған: СҚО-да ағайынды екі бала опат бола жаздады

© Photo : информационный медиа-портал Polisia.kzСолтүстік Қазақстан облысында екі жасөспірім құтқарылды
Солтүстік Қазақстан облысында екі жасөспірім құтқарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2021
Жазылу
Боранда адасқан балалар үйіне өз бетінше орала алмаған, құтқару жұмыстарына полицейлер, ауыл тұрғындары мен қорықшылар атсалысты

АЛМАТЫ, 19 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 17 және 7 жастағы ағайынды жасөспірімді құтқарды.

Бірлік ауылында тұратын ағайындылар шанаға жегілген атпен Есіл өзенінің жағасында жайылып жүрген жылқыларын қарауға шыққан. Көп ұзамай қар жауып, соңы қатты желге ұласқан, ал жасөспірімдер өздерімен бірге телефон алып шықпаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалардың хабарсыз кеткені туралы дерек 18 ақпан күні сағат кешкі сегіз шамасында Есіл ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне түскен. Содан кейін полиция қызметкерлері қарда жүретін үш көлікпен Бірлік ауылына жол тартқан.

"Төтенше жағдай қызметкерлері мен қорықшылар және жергілікті тұрғындармен полицейлер бірлесіп жоғалған балаларды шұғыл іздеуге кірісті. Ауылдың 40 шақты тұрғыны іздеу жұмыстарына атсалысты. Олардың арасында атпен шыққандар бар. Қолайсыз ауа райы жұмысты қиындата түсті, әр минут аса құнды еді", – дейді Есіл ауданының полиция бөлімінің бастығы Ерлік Есләмбеков.

Боранға байланысты айнала көрінбей, іздеуге шыққан азаматтардың өзі қалың қарда адасып кетуі мүмкін еді. Сол себепті балаларды жұптасып іздеді, деп атап өтті ол.

Қарда жүретін көліктердің пайдасы осындай қолайсыз ауа райында тиімді екенін көрсетті. Криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Мұратбек Аяғанов пен ауыл тұрғыны Абзал Садуақасов балаларды бірінші болып көрген. Ол кезде сағат 23:30 шамасы болған.

"Ағасы үстіндегі сырт киімін шешіп, бауырын орап, арқасына мінгізіп алған. Балалардың шаршағаны сонша, сөйлеуге шамасы келмеген. Қатты боран басталған кезде шанаға жегілген жылқы үйден қарама-қарсы бағытқа қарай жүрген. Содан кейін жылқыны қалдырып, жаяу жүруге тура келген", – деді Есләмбеков.

Полицейлер мен ауыл тұрғындарының, қорықшылар мен құтқарушылардың күш біріктіруінің арқасында балалар аман-есен ата-анасымен қауышты.

Оқи отырыңыз: Бір сағат бойы қар астында жатқан бала құтқарылды

Айта кетейік, Қазақстанның солтүстігінде жауын-шашынның айлық мөлшері түсіп, ауа райының қолайсыздығынан жолдар жабылды. Бір тәулік ішінде қар көшкінінен 94 адам, оның ішінде тоғыз бала құтқарылды, 34 бірлік автокөлік эвакуацияланды.

Жаңалықтар
0