Елорда тынысы

Карантин жеңілдетілді: Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

© Sputnik / Абзал КалиевКазахстанцы, архивное фото
Казахстанцы, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2021
Жазылу
Елордада сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысына өзгеріс енгізілді, енді олар жексенбі күні де жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Құжатта карантин шараларын жеңілдету қарастырылған. Атап айтқанда, сауда және ойын-сауық орталықтары жексенбі күні де жұмыс істейді.

Қазақстанда 1 наурыздан бастап карантин жеңілдетіледі

"Сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысы күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-нен аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, рекреация аймақтарында және демалыс аралдарында сатып алушылардың болуын қоспағанда, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастырылады", - делінген қаулыда.

Сауда және ойын-сауық орталықтары жұмыс істесе де, ол жерде орналасқан аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, мұзды және роликті сырғанақтар мен ойын орталықтары жабық болады. Ал фудкорттардың жұмысы өздігінен алып кетуді қоспағанда, курьерлік жеткізуге ғана рұқсат етіледі. Акциялардың, жәрмеңкелердің, шоурумдардың, ұтыс ойындарының әртүрлі түрлерін өткізуге тыйым салынады.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Жаңалықтар
0