Қоғам

Қазақстанда 1 наурыздан бастап карантин жеңілдетіледі

© Sputnik / Абзал КалиевПешеходы на улицах столицы
Пешеходы на улицах столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Жазылу
"Жасыл аймақта" тұрған өңірлерде цирктер, бильярд клубтары, балалар ойын-сауық орталықтары жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Осы жылдың 1 наурызынан бастап 1-5 сыныптардың оқушыларын аралас оқытуға рұқсат етіледі. Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай шешім қабылданды.

7 күн бойы "жасыл аймақта" тұрған өңірлерде осы жылдың 1 наурызынан бастап рұқсат етіледі:

  • цирктердің, бильярд клубтарының, балалар ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне – толымдылығы 30%-ке дейін;
  • спорттық іс-шараларды өткізуге (30%-ке дейін), жұма намазын оқуға (30%-ға дейін) және ас беру рәсімін өткізуге (30%-ке дейін, 50 адамнан артық емес).

"7 күн бойы "сары аймақта" болған өңірлерде осы жылдың 1 наурызынан бастап жабық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес), сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жексенбі күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі", - деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.  

Оқи отырыңыз: Қай кезде маскасыз жүруге болады – денсаулық министрлігінің жауабы

Мониторингтік тексеру қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылу фактілерінің көп мөлшері тіркелген Маңғыстау, Қостанай және Жамбыл облыстарын қоспағанда, барлық облыста осы жылдың 1 наурызынан бастап 1-5 сыныптардың, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптардың оқушыларын аралас оқытуға рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Түркиямен (қосымша 4 рейс), Өзбекстанмен (+4 рейс), Қырғызстанмен (+2 рейс) және Украинамен (+1 рейс) халықаралық әуе рейстерінің санын арттыру туралы ұсынысы комиссияның қолдауына ие болды.

Жаңалықтар
0