Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда "Атырау көпірінде" ойық пайда болды – әкімдік не дейді

© Sputnik / Медина КураковаПешеходный мост через реку Есиль в Астане
Пешеходный мост через реку Есиль в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл көпірдің орнатылғанына үш жыл болады. Астананың 20 жылдығына Атырау қаласы сыйға тартқан еді

НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтанда "Атырау көпірінде" ойық пайда болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Суретті Facebook парақшасында қала тұрғыны жариялады.

"Аяқ астына қарап жүріңіздер, көпірде ойық пайда болды", - деп жазды Борис Оленев.

Қазіргі уақытта зақымданған жерді қар басқан. Бұл серуендеп жүрген адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін.

Елорда әкімдігі көпір жөнделетінін хабарлады.

"Ол бөлікті қоршап қойдық. Жөндеу жұмыстары басталады", - деді Sputnik Қазақстанға әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, көпір 2018 жылы пайда болды. Жалпы ұзындығы  — 313,5 метр, ені — 10,5 метр. Ол қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналып үлгерді. Мұнда серуендеп, суретке түсемін деушілер қысы-жазы көп болады.

Жаңалықтар
0