НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтанда "Атырау көпірінде" ойық пайда болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Суретті Facebook парақшасында қала тұрғыны жариялады.
"Аяқ астына қарап жүріңіздер, көпірде ойық пайда болды", - деп жазды Борис Оленев.
Қазіргі уақытта зақымданған жерді қар басқан. Бұл серуендеп жүрген адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін.
Елорда әкімдігі көпір жөнделетінін хабарлады.
"Ол бөлікті қоршап қойдық. Жөндеу жұмыстары басталады", - деді Sputnik Қазақстанға әкімдіктің баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, көпір 2018 жылы пайда болды. Жалпы ұзындығы — 313,5 метр, ені — 10,5 метр. Ол қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналып үлгерді. Мұнда серуендеп, суретке түсемін деушілер қысы-жазы көп болады.