https://sputnik.kz/20220201/Sheteldik-universitet-filial-19251350.html
Шетелдік университеттердің филиалдары қай қалаларда ашылады
Шетелдік университеттердің филиалдары қай қалаларда ашылады
Sputnik Қазақстан
Министр президенттің тапсырмасымен Қазақстанда беделді шетелдік университеттердің 5 филиалы ашылатынын мәлімдеді 01.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-01T10:45+0500
2022-02-01T10:45+0500
2022-02-03T16:20+0500
білім
https://sputnik.kz/img/old/831/50/8315018_0:310:2895:1938_1920x0_80_0_0_f25fe63975776cac2470debf9cf08de4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов беделді шетелдік жоғары оқу орындарының филиалы қай өңірлерде ашылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Министр президенттің тапсырмасымен Қазақстанда беделді шетелдік университеттердің 5 филиалы ашылатынын мәлімдеді. Қазіргі таңда Алматыда Де Монтфорт Лестер Ұлыбритания университетінің филиалы жұмыс істей бастады. Ал Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Аризона университетіне сенімгерлік басқаруға беріледі. Бұған қоса, министр республиканың батысында екі жетекші шетелдік техникалық университеттің филиалдары ашылатынын атап өтті. Олар Атырау және Ақтау қалалары. Сондай-ақ Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында да шетелдік университеттердің филиалы ашылады. Бірақ нақты қай жоғары оқу орындарының филиалы екені әзірге белгісіз.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/831/50/8315018_164:0:2895:2048_1920x0_80_0_0_e46643aca281a53496c0d608af4c8810.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Шетелдік университеттердің филиалдары қай қалаларда ашылады
10:45 01.02.2022 (жаңартылды: 16:20 03.02.2022) Министр президенттің тапсырмасымен Қазақстанда беделді шетелдік университеттердің 5 филиалы ашылатынын мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов беделді шетелдік жоғары оқу орындарының филиалы қай өңірлерде ашылатынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр президенттің тапсырмасымен Қазақстанда беделді шетелдік университеттердің 5 филиалы ашылатынын мәлімдеді.
Қазіргі таңда Алматыда Де Монтфорт Лестер Ұлыбритания университетінің филиалы жұмыс істей бастады. Ал Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Аризона университетіне сенімгерлік басқаруға беріледі.
"Сонымен қатар Ресейдің үздік техникалық жоғары оқу орындарының филиалын ашу бойынша келіссөздер басталды. Тағы да бір британдық университеттің филиалын ашу бойынша келіссөз жүріп жатыр", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.
Бұған қоса, министр республиканың батысында екі жетекші шетелдік техникалық университеттің филиалдары ашылатынын атап өтті. Олар Атырау және Ақтау қалалары.
Сондай-ақ Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында да шетелдік университеттердің филиалы ашылады. Бірақ нақты қай жоғары оқу орындарының филиалы екені әзірге белгісіз.