Білім

Шетелдік университеттердің филиалдары қай қалаларда ашылады

© РИА Новости / Медиабанкке өту Оксфордский университет
 Оксфордский университет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Жазылу
Министр президенттің тапсырмасымен Қазақстанда беделді шетелдік университеттердің 5 филиалы ашылатынын мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов беделді шетелдік жоғары оқу орындарының филиалы қай өңірлерде ашылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр президенттің тапсырмасымен Қазақстанда беделді шетелдік университеттердің 5 филиалы ашылатынын мәлімдеді.
Қазіргі таңда Алматыда Де Монтфорт Лестер Ұлыбритания университетінің филиалы жұмыс істей бастады. Ал Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Аризона университетіне сенімгерлік басқаруға беріледі.
"Сонымен қатар Ресейдің үздік техникалық жоғары оқу орындарының филиалын ашу бойынша келіссөздер басталды. Тағы да бір британдық университеттің филиалын ашу бойынша келіссөз жүріп жатыр", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында. 
Бұған қоса, министр республиканың батысында екі жетекші шетелдік техникалық университеттің филиалдары ашылатынын атап өтті. Олар Атырау және Ақтау қалалары.
Сондай-ақ Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында да шетелдік университеттердің филиалы ашылады. Бірақ нақты қай жоғары оқу орындарының филиалы екені әзірге белгісіз.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0