Білім

Елдегі мемлекеттік балабақшаның 80 проценті талапқа сай емес

© Sputnik / Владислав ВодневДетская игровая комната, архивное фото
Детская игровая комната, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2021
Жазылу
Атап айтқанда 60 мектепке дейінгі білім беру ұйымы қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес келмегендіктен аттестаттаудан өтпеді
НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Мемлекеттік бақылау жүргізілген балабақшалардың 80%-ке жуығы аттестаттаудан өтпеді. Бұл туралы  министрліктің аппарат жиналысында білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова хабарлады.
Биыл білім және ғылым министрлігі енгізген бақылаудың алғашқы жаңа түрі 77 балабақшада жүргізілді. Олардың басым көпшілігі, атап айтқанда 60 мектепке дейінгі білім беру ұйымы қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес келмегендіктен аттестаттаудан өтпеді.
"Балабақшалар әкімдіктердің қарауында болғандықтан, бұрын бізде мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын бақылаудың қандай да бір тетіктері болмаған. Бірақ азаматтардың өтініштерін ескере отырып, біз осындай тексерулерді енгізу және жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдадық. Нәтижесінде біз көптеген бұзушылықтарды анықтадық. Бұл — балалардың балабақшада болмауы және білім беру қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмеуі, тәрбиешілердің қол жұмсау фактілері және тағы басқа бұзушылықтар. Бұзушылықтар анықталған жағдайда министрлік білім беру ұйымдарына оларды жою үшін жеткілікті уақыт беретінін түсіну маңызды. Мысалы, мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша балабақшаларға бұзушылықтарды жоюға және білім беру қызметін заңнама талаптарына сәйкес келтіруге (бір жылдан аспайтын) уақыт беріледі. Жергілікті атқарушы органдар балабақшалардың жұмысын ерекше бақылауға алуы керек", — деп атап өтті білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.
Мемлекеттік аттестаттау балабақшалардың меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бес жылда бір рет профилактикалық бақылау арқылы жүргізілетінін атап өткен жөн. Мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдарының қызметіне сыртқы бақылау және тәртіп орнату, сондай-ақ білім беру қызметтерінің сапасын арттыру үшін енгізілді.
Заңға сәйкессіздіктер анықталған жағдайда білім беру ұйымдары ұсынымдар алады. Бірақ әкімшілік іс қозғалмайды, яғни әкімшілік жазалар болмайды. Керісінше, тексерушілер білім беру ұйымдарына бұзушылықтарды жою тәртібін түсіндіретін болады.

Оқи отырыңыз:

Түскі ұйқыдан оянбаған - Талғар балабақшасындағы 4 жасар қыз өлімінің мән-жайы
Талғар балабақшасында төрт жасар қыз көз жұмды
"Құлағынан тартқан": Қапшағайда балaбақша тәрбиеленушісі соққыға жығылды – видео
Жаңалықтар
0