11:39 24 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
84 0 0

Sputnik Қазақстан 21 тамызда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

21 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

18.00 - "Болашақ" қауымдастығы мен Халықаралық бағдарламалар орталығы бірлесе жасайтын Bolashaq Friday Talks жобасының екінші шығарылымы. Эфир тақырыбы – "Қазақстанның білім жүйесі: болашағы мен технологиялар". Қатысушылар үш маңызды мәселені талқылайды:

  • жаңа оқу жылы қалай өтеді;
  • білім жүйесіне қандай өзгеріс қажет;
  • білім беру жүйесі қандай технологияларды дамытуға мән беруі керек.

Трансляция "Болашақ" қауымдастығының Facebook-аккаунты мен модератор парақшасында жасалады.

20.30 - Қазмедиа орталығында "Балалар Евровидениесі-2020" халықаралық байқауының ұлттық іріктеуіне байланысты қазылар алқасының отырысы өтеді. Бұл кезеңде қазылар келесі турға өтетін 30 үздік қатысушыны таңдауы тиіс. Келесі кезең - jevision.khabar.kz. сайтында интернет арқылы дауыс беру. Оның қорытындысы бойынша 12 үміткер анықталады. Олар Польшада Қазақстан намысын қорғау үшін сайысатын болады. Аккредитация: Кәмила Түсіпова, телефон +77019476344, электронды пошта: k.tusupova@khabar.kz.

22 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

"Балалар Евровидениесі-2020" халықаралық байқауының ұлттық іріктеудің бірінші кезеңінің қорытындысы шығады. Нәтиже jevision.khabar.kz. сайтында жарияланады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

 

Кілт сөздер:
тамыз, шаралар, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып