Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.
21 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
18.00 - "Болашақ" қауымдастығы мен Халықаралық бағдарламалар орталығы бірлесе жасайтын Bolashaq Friday Talks жобасының екінші шығарылымы. Эфир тақырыбы – "Қазақстанның білім жүйесі: болашағы мен технологиялар". Қатысушылар үш маңызды мәселені талқылайды:
- жаңа оқу жылы қалай өтеді;
- білім жүйесіне қандай өзгеріс қажет;
- білім беру жүйесі қандай технологияларды дамытуға мән беруі керек.
Трансляция "Болашақ" қауымдастығының Facebook-аккаунты мен модератор парақшасында жасалады.
20.30 - Қазмедиа орталығында "Балалар Евровидениесі-2020" халықаралық байқауының ұлттық іріктеуіне байланысты қазылар алқасының отырысы өтеді. Бұл кезеңде қазылар келесі турға өтетін 30 үздік қатысушыны таңдауы тиіс. Келесі кезең - jevision.khabar.kz. сайтында интернет арқылы дауыс беру. Оның қорытындысы бойынша 12 үміткер анықталады. Олар Польшада Қазақстан намысын қорғау үшін сайысатын болады. Аккредитация: Кәмила Түсіпова, телефон +77019476344, электронды пошта: k.tusupova@khabar.kz.
22 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
"Балалар Евровидениесі-2020" халықаралық байқауының ұлттық іріктеудің бірінші кезеңінің қорытындысы шығады. Нәтиже jevision.khabar.kz. сайтында жарияланады.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.