АСТАНА, 11 мамыр-Sputnik. 11–17 мамыр аралығында тұзды шамадан тыс тұтынудың зияны туралы ақпараттандыру апталығы (Salt Awareness Week) өтіп жатыр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Науқанның мақсаты — тұздың денсаулыққа әсері туралы халықтың хабардарлығын арттыру және оны тұтынуды азайтуға шақыру.
Тұзды шамадан тыс тұтыну артериялық қан қысымын жоғарылатып, жүрек-қан тамырлары аурулары мен инсульт қаупін арттырады. Бұл аурулар әлем бойынша өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады.
Тұздың басым бөлігі біздің тамақтану рационымызға өңделген және қаптамадағы өнімдер арқылы түседі. Сондықтан халық денсаулығын жақсарту үшін тек жеке әдеттерді өзгерту жеткіліксіз, сонымен қатар мемлекет пен тамақ өнеркәсібі тарапынан жүйелі шаралар қабылдау қажет.
Тұзды тұтынуды азайту — денсаулықты жақсартудың және аурулардың алдын алудың ең қарапайым әрі тиімді тәсілдерінің бірі.