АСТАНА, 10 мамыр-Sputnik. Қорғаныс министрлігі елорданың көгінде жойғыш ұшақтардың демонстрациялық ұшуы өтетінін ескертеді.
Іс-шараға дайындық барысында 10 мамырдан бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары басталады
"Жойғыш ұшақтардың ұшуы мен жаттығу іс-шаралары қауіпсіз биіктікте жүзеге асырылады және қала тұрғындарының күнделікті тыныс-тіршілігіне кедергі келтірмейді. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жаттығулар мен демонстрациялық ұшу кезеңінде туындауы мүмкін қысқа мерзімді шу деңгейінің артуына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деді ведомство.
Министрліктің айтуынша, барлық ұшулар қауіпсіздік талаптарына сәйкес қатаң ұйымдастырылады және халыққа ешқандай қауіп төндірмейді. Түрлі түсті түтіндерді пайдалану тек демонстрациялық сипатқа ие және қоршаған ортаға зиянды әсер етпейді.