15 мамырда Астанада жойғыш ұшақтардың демонстрациялық ұшуы өтеді

© Photo : zidan4eglive.kz15 мамырда Астанада жойғыш ұшақтардың демонстрациялық ұшуы өтеді
15 мамырда Астанада жойғыш ұшақтардың демонстрациялық ұшуы өтеді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2026
Жазылу
Іс-шараға байланысты 10 мамырдан бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары басталады
АСТАНА, 10 мамыр-Sputnik. Қорғаныс министрлігі елорданың көгінде жойғыш ұшақтардың демонстрациялық ұшуы өтетінін ескертеді.
Іс-шараға дайындық барысында 10 мамырдан бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары басталады
"Жойғыш ұшақтардың ұшуы мен жаттығу іс-шаралары қауіпсіз биіктікте жүзеге асырылады және қала тұрғындарының күнделікті тыныс-тіршілігіне кедергі келтірмейді. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жаттығулар мен демонстрациялық ұшу кезеңінде туындауы мүмкін қысқа мерзімді шу деңгейінің артуына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деді ведомство.
Министрліктің айтуынша, барлық ұшулар қауіпсіздік талаптарына сәйкес қатаң ұйымдастырылады және халыққа ешқандай қауіп төндірмейді. Түрлі түсті түтіндерді пайдалану тек демонстрациялық сипатқа ие және қоршаған ортаға зиянды әсер етпейді.
истребители над Астаной - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2024
Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшып өтті - видео
Жаңалықтар
0