Астанадағы Grand Slam: қазақстандық дзюдошы алтын медаль жеңіп алды

Финалда Қайролла молдовалық Петру Пеливанмен белдесіп, қарсыласын екі рет юко әдісіне түсірді
Sputnik
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Қазақстандық дзюдошы Жалғас Қайролла Астанадағы Grand Slam турнирінің алтын медалін жеңіп алды , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан7
Финалда Қайролла молдовалық Петру Пеливанмен белдесіп, қарсыласын екі рет юко әдісіне түсірді. Пеливан есеп айырмасын 1:2-ге дейін жеткізе білді. Бірақ көп ұзамай, иппонға түсіп қалды. Ал Жалғас Қайролла алғаш рет Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды.
Айта кетері, Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турнирі өтіп жатыр. 8-10 мамыр күндері аралығында әлемнің 36 елінен 295 үздік дзюдошысы өзара мықтыны анықтайды. Кешегі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1 күміс пен 1 қола жүлде жеңіп алған.
Президент Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турниріне барды