Астанадағы Grand Slam: қазақстандық дзюдошы алтын медаль жеңіп алды

© Photo : спортАстанадағы Grand Slam: қазақстандық дзюдошы алтын медаль жеңіп алды
Астанадағы Grand Slam: қазақстандық дзюдошы алтын медаль жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2026
Жазылу
Финалда Қайролла молдовалық Петру Пеливанмен белдесіп, қарсыласын екі рет юко әдісіне түсірді
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Қазақстандық дзюдошы Жалғас Қайролла Астанадағы Grand Slam турнирінің алтын медалін жеңіп алды , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан7
Финалда Қайролла молдовалық Петру Пеливанмен белдесіп, қарсыласын екі рет юко әдісіне түсірді. Пеливан есеп айырмасын 1:2-ге дейін жеткізе білді. Бірақ көп ұзамай, иппонға түсіп қалды. Ал Жалғас Қайролла алғаш рет Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды.
Айта кетері, Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турнирі өтіп жатыр. 8-10 мамыр күндері аралығында әлемнің 36 елінен 295 үздік дзюдошысы өзара мықтыны анықтайды. Кешегі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1 күміс пен 1 қола жүлде жеңіп алған.
Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турниріне барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2026
Президент Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турниріне барды
Жаңалықтар
0