Шығыс Қазақстанда балабақша бухгалтері үш жыл бойы ақша жымқырумен айналысқан

Меңгеруші мен бухгалтердің шоттарына заңсыз аударылған қаражаттың жалпы сомасы 42 млн теңгеден асады
Sputnik
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 40 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, деп хабарлады ведомствоның сайты.
Үлкен Нарын ауданының прокуратурасы "Малонарым ауылының балабақша-бөбекжайы" КМҚК-да тексеру жүргізу барысында балабақша бухгалтерінің 3 жыл бойы өзінің және меңгерушінің шотына артық жалақы сомаларын, сондай-ақ салықтар мен міндетті аударымдарды төлеуге арналған қаражатты аударып келгенін анықтады.
"Ұзақ уақыт бойы тәрбие мекемесінің 18 қызметкері үшін жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар төленбеген", - деп жазылған хабарламада.
Меңгеруші мен бухгалтердің шоттарына заңсыз аударылған қаражаттың жалпы сомасы 42 млн теңгеден асады.
Аталған факті бойынша аудандық прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.
Маңғыстау облысында балабақша директоры сотталды