https://sputnik.kz/20260508/shygys-qazaqstanda-balabaqsha-bukhgalteri-ush-zhyl-boyy-aqsha-zhymqyrumen-aynalysqan-63259587.html
Шығыс Қазақстанда балабақша бухгалтері үш жыл бойы ақша жымқырумен айналысқан
Шығыс Қазақстанда балабақша бухгалтері үш жыл бойы ақша жымқырумен айналысқан
Sputnik Қазақстан
Меңгеруші мен бухгалтердің шоттарына заңсыз аударылған қаражаттың жалпы сомасы 42 млн теңгеден асады 08.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-08T13:59+0500
2026-05-08T13:59+0500
2026-05-08T13:59+0500
балабақша
ұрлық
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_3735fb556dba52fc7f7cc15f5be178b4.jpg
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 40 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, деп хабарлады ведомствоның сайты.Үлкен Нарын ауданының прокуратурасы "Малонарым ауылының балабақша-бөбекжайы" КМҚК-да тексеру жүргізу барысында балабақша бухгалтерінің 3 жыл бойы өзінің және меңгерушінің шотына артық жалақы сомаларын, сондай-ақ салықтар мен міндетті аударымдарды төлеуге арналған қаражатты аударып келгенін анықтады.Меңгеруші мен бухгалтердің шоттарына заңсыз аударылған қаражаттың жалпы сомасы 42 млн теңгеден асады.Аталған факті бойынша аудандық прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.
https://sputnik.kz/20250206/mangystau-oblysynda-balabaqsha-direktory-sottaldy-50572267.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_4370bda6c848c8257edaed45a7c82aa3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балабақша, ұрлық
Шығыс Қазақстанда балабақша бухгалтері үш жыл бойы ақша жымқырумен айналысқан
Меңгеруші мен бухгалтердің шоттарына заңсыз аударылған қаражаттың жалпы сомасы 42 млн теңгеден асады
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 40 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, деп хабарлады ведомствоның сайты.
Үлкен Нарын ауданының прокуратурасы "Малонарым ауылының балабақша-бөбекжайы" КМҚК-да тексеру жүргізу барысында балабақша бухгалтерінің 3 жыл бойы өзінің және меңгерушінің шотына артық жалақы сомаларын, сондай-ақ салықтар мен міндетті аударымдарды төлеуге арналған қаражатты аударып келгенін анықтады.
"Ұзақ уақыт бойы тәрбие мекемесінің 18 қызметкері үшін жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар төленбеген", - деп жазылған хабарламада.
Меңгеруші мен бухгалтердің шоттарына заңсыз аударылған қаражаттың жалпы сомасы 42 млн теңгеден асады.
Аталған факті бойынша аудандық прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.