"Кіріске әсер етіп жатыр": экономика министрі доллардың бағамына қатысты пікір білдірді

Доллар бағамы төмен болғанда бюджетке аз теңге түседі
Sputnik
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин доллардың бағамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінгі сауда-саттық кезінде доллардың бағамы тағы төмендеп, 461,2 теңгеге дейін түсті. Серік Жұманғариннің айтуынша, теңгенің нығаюы бюджет кірісіне кері әсерін тигізіп жатыр.
"Әрине, ол мемлекеттің кірістеріне әсер етіп жатыр. Біз биыл жоспарланған бюджетте бір доллардың бағамын 540 теңге деп қойып едік. Қазіргі жағдайды өзіңіз көріп жатырсыздар. Жалпы 510-мен (бір долларды - Sputnik) есептегенде бюджеттің шығыны 500 млрд-тан астам болады", - деді Жұманғарин үкіметтегі брифингте.
Айта кетері, қазақстандық мұнай доллармен сатылады. Ол ақшаны бюджетке теңгемен аударады. Доллар бағамы төмен болғанда бюджетке аз теңге түседі.
Доллар бағамы төмендегеннен кейін қазақстандықтардың зейнетақы есепшотындағы ақшасы да азайып қалған.
"Теңге өз тұрақтылығын дәлелдеді": Ұлттық банк төрағасы доллар бағамын түсіндірді