АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Өскеменде Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыс басшысы Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, 7 мамырға арналған салтанатты жиынды Сағадат Қожахметұлының ескерткіші жанында өткізудің символдық мәні бар.
Өскеменде Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
“Ол майдан даласында ерлік көрсетіп, ел басына күн туған шақта батырлықтың биік үлгісін танытты. Бүгін біз ел тыныштығы мен бейбіт өмірдің сақталуына үлес қосып жүрген азаматтарға құрмет көрсетіп, ерлігі аңызға айналған батыр бабаларымыздың даңқты жолын кейінгі ұрпаққа үлгі етеміз. Отан қорғау – қасиетті парыз әрі үлкен жауапкершілік. Сондықтан бұл мереке әр азамат үшін ерекше мәнге ие”, - деді Сақтағанов.
Өскеменде Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Шараға құқық қорғау органдарының басшылары, әскерилер, түрлі сала мен ұйымдар өкілдері, “Жас сарбаз” әскери-патриоттық клубтарының мүшелері мен жастар қатысты. Сол жерде әскерилер, құқық қорғау органдары мен ТЖД қызметкерлері мерекеге орай облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Өскеменде Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.