https://sputnik.kz/20260507/oskemende-khalyq-qaarmany-sagadat-nurmagambetovtin-eskertkishine-gul-shoqtary-qoyyldy-63250038.html
Өскеменде Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Өскеменде Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Өскеменде Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды... 07.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-07T17:12+0500
2026-05-07T17:12+0500
2026-05-07T17:15+0500
сағадат нұрмағамбетов
https://sputnik.kz/img/07ea/05/07/63248125_0:72:1026:649_1920x0_80_0_0_c3ef27cf9bc534c1ffe65269dc08ca52.jpg
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Өскеменде Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Облыс басшысы Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, 7 мамырға арналған салтанатты жиынды Сағадат Қожахметұлының ескерткіші жанында өткізудің символдық мәні бар.“Ол майдан даласында ерлік көрсетіп, ел басына күн туған шақта батырлықтың биік үлгісін танытты. Бүгін біз ел тыныштығы мен бейбіт өмірдің сақталуына үлес қосып жүрген азаматтарға құрмет көрсетіп, ерлігі аңызға айналған батыр бабаларымыздың даңқты жолын кейінгі ұрпаққа үлгі етеміз. Отан қорғау – қасиетті парыз әрі үлкен жауапкершілік. Сондықтан бұл мереке әр азамат үшін ерекше мәнге ие”, - деді Сақтағанов.Шараға құқық қорғау органдарының басшылары, әскерилер, түрлі сала мен ұйымдар өкілдері, “Жас сарбаз” әскери-патриоттық клубтарының мүшелері мен жастар қатысты. Сол жерде әскерилер, құқық қорғау органдары мен ТЖД қызметкерлері мерекеге орай облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/07/63248125_33:0:993:720_1920x0_80_0_0_33c4c2b5831892b09ce131b77a3403ad.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сағадат нұрмағамбетов
Өскеменде Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
17:12 07.05.2026 (жаңартылды: 17:15 07.05.2026) АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Өскеменде Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Облыс басшысы Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, 7 мамырға арналған салтанатты жиынды Сағадат Қожахметұлының ескерткіші жанында өткізудің символдық мәні бар.
“Ол майдан даласында ерлік көрсетіп, ел басына күн туған шақта батырлықтың биік үлгісін танытты. Бүгін біз ел тыныштығы мен бейбіт өмірдің сақталуына үлес қосып жүрген азаматтарға құрмет көрсетіп, ерлігі аңызға айналған батыр бабаларымыздың даңқты жолын кейінгі ұрпаққа үлгі етеміз. Отан қорғау – қасиетті парыз әрі үлкен жауапкершілік. Сондықтан бұл мереке әр азамат үшін ерекше мәнге ие”, - деді Сақтағанов.
Шараға құқық қорғау органдарының басшылары, әскерилер, түрлі сала мен ұйымдар өкілдері, “Жас сарбаз” әскери-патриоттық клубтарының мүшелері мен жастар қатысты. Сол жерде әскерилер, құқық қорғау органдары мен ТЖД қызметкерлері мерекеге орай облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.