АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
"Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қытайдың Хунань өлкесіндегі пиротехникалық зауытта орын алған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған", - деп жазылған хабарламада.
Президент жақындарынан айырылған отбасыларға сабыр, ал жарақат алған адамдардың сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.
Еске сала кетейік, Қытайдың Хунань провинциясындағы фейерверк өндіру зауытында жарылыс болып, 26 адам көз жұмды, тағы 61 адам жараланған.