Қазақстанда автоматты қоңырауларға шектеу енгізіледі

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда ұялы байланыс абоненттерінің саны 27 миллионнан асады
Sputnik
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Қазақстанда алаяқтыққа қарсы тағы бір шара - автоматты қоңырауларға шектеу енгізіледі. Бұл туралы мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Телекоммуникациялар туралы" заң жобасына "автоматты қоңырауларды генерациялау" ұғымы енгізіледі. Оған сәйкес, бір минут ішінде 10-нан астам қосылым орнату автоматты қоңырауларды генерациялау болып саналады. Ондай қоңырауларға шектеу қойылады.
Бұдан бөлек, идентификация және аутентификация кодтарын жіберуге бағытталған автоматты қоңыраулар, сондай-ақ абоненттерді кері қоңырау шалуға итермелейтін әрекеттерге тыйым салынады.
"Қазіргі таңда автоматты қоңыраулар алаяқтық пен қысым көрсетудің негізгі құралдарының біріне айналды. Бұл ұғымды заңда бекіту - жай формалдылық емес, мұндай әрекеттерді шектеуге және азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беретін қажетті шара", - дейді Смолякова.
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда ұялы байланыс абоненттерінің саны 27 миллионнан асады.
2025 жылдың 11 айында интернет-алаяқтыққа байланысты 26,3 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, бұл алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,3%-ға артық. Халыққа келген шығынның жалпы көлемі 11,2 млрд теңгені құрады. Соның ішінде шамамен вишинг пен алаяқтық қоңыраулар аз емес.
Астанада интернет-алаяқтыққа қарсы жаңа тәсіл іске қосылды