https://sputnik.kz/20260506/qazaqstanda-avtomatty-qonyraularga-shekteu-engiziledi-63223830.html
Қазақстанда автоматты қоңырауларға шектеу енгізіледі
Қазақстанда автоматты қоңырауларға шектеу енгізіледі
Sputnik Қазақстан
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда ұялы байланыс абоненттерінің саны 27 миллионнан асады 06.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-06T17:39+0500
2026-05-06T17:39+0500
2026-05-06T17:42+0500
телефон
алаяқтық
мәжіліс
https://sputnik.kz/img/1340/88/13408814_0:133:1281:853_1920x0_80_0_0_6ba1a99f4cc79b3a71c27db1f2383ea5.jpg
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Қазақстанда алаяқтыққа қарсы тағы бір шара - автоматты қоңырауларға шектеу енгізіледі. Бұл туралы мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Телекоммуникациялар туралы" заң жобасына "автоматты қоңырауларды генерациялау" ұғымы енгізіледі. Оған сәйкес, бір минут ішінде 10-нан астам қосылым орнату автоматты қоңырауларды генерациялау болып саналады. Ондай қоңырауларға шектеу қойылады.Бұдан бөлек, идентификация және аутентификация кодтарын жіберуге бағытталған автоматты қоңыраулар, сондай-ақ абоненттерді кері қоңырау шалуға итермелейтін әрекеттерге тыйым салынады.Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда ұялы байланыс абоненттерінің саны 27 миллионнан асады.2025 жылдың 11 айында интернет-алаяқтыққа байланысты 26,3 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, бұл алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,3%-ға артық. Халыққа келген шығынның жалпы көлемі 11,2 млрд теңгені құрады. Соның ішінде шамамен вишинг пен алаяқтық қоңыраулар аз емес.
https://sputnik.kz/20260112/astanada-internet-alayaqtyqqa-qarsy-audioeskertu-iske-qosyldy-60335614.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1340/88/13408814_0:0:1137:853_1920x0_80_0_0_9ed3e5b7e2b64ffb8d40edc54d3ddde8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
телефон, алаяқтық, мәжіліс
телефон, алаяқтық, мәжіліс
Қазақстанда автоматты қоңырауларға шектеу енгізіледі
17:39 06.05.2026 (жаңартылды: 17:42 06.05.2026) Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда ұялы байланыс абоненттерінің саны 27 миллионнан асады
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Қазақстанда алаяқтыққа қарсы тағы бір шара - автоматты қоңырауларға шектеу енгізіледі. Бұл туралы мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Телекоммуникациялар туралы" заң жобасына "автоматты қоңырауларды генерациялау" ұғымы енгізіледі. Оған сәйкес, бір минут ішінде 10-нан астам қосылым орнату автоматты қоңырауларды генерациялау болып саналады. Ондай қоңырауларға шектеу қойылады.
Бұдан бөлек, идентификация және аутентификация кодтарын жіберуге бағытталған автоматты қоңыраулар, сондай-ақ абоненттерді кері қоңырау шалуға итермелейтін әрекеттерге тыйым салынады.
"Қазіргі таңда автоматты қоңыраулар алаяқтық пен қысым көрсетудің негізгі құралдарының біріне айналды. Бұл ұғымды заңда бекіту - жай формалдылық емес, мұндай әрекеттерді шектеуге және азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беретін қажетті шара", - дейді Смолякова.
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда ұялы байланыс абоненттерінің саны 27 миллионнан асады.
2025 жылдың 11 айында интернет-алаяқтыққа байланысты 26,3 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, бұл алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,3%-ға артық. Халыққа келген шығынның жалпы көлемі 11,2 млрд теңгені құрады. Соның ішінде шамамен вишинг пен алаяқтық қоңыраулар аз емес.