Атырауда полиция 100-ге жуық жүргізушіге заңсыз айыппұл салған

Sputnik
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Атырау прокурорлары 100-ден астам әкімшілік қаулының күшін жойды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Атырау қаласында жүргізушілер құжатын алып жүрмегені үшін заңсыз жауапқа тартылған.
"Қолданыстағы заңнамада жүргізушілердің жанында құжаттары: жеке куәлік пен жүргізуші куәлігі болуға тиіс деген міндеттің жоқтығына қарамастан, оларды әкімшілік жауапқа заңсыз тартып келген", - дейді прокуратура.
Қадағалау актісі бойынша 100 заңсыз қаулының күші жойылды.
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салынатыны рас па?