https://sputnik.kz/20260505/zhyldamdyqty-sagatyna-2-shaqyrymga-asyrgany-ushin-ayyppul-salynatyny-ras-pa-63191429.html
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салынатыны рас па?
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салынатыны рас па?
Sputnik Қазақстан
Полиция 8 мамырдан бастап күшіне енетін бұйрық тек жылдамдықты тіркейтін камералардың жұмысына қатысты екенін атап өтті 05.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-05T14:21+0500
2026-05-05T14:21+0500
2026-05-05T14:21+0500
жылдамдықты асыру
https://sputnik.kz/img/07e7/07/15/36919101_0:158:1659:1091_1920x0_80_0_0_4a635ad232f6fa81387292f8594de636.jpg
АЛМАТЫ, 4 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желіде "жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салынады" деген ақпарат тарады. Алайда полиция бұл мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды Polisia.kz.ІІМ мәліметінше, әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі өзгермеген.Ведомство өкілдері 8 мамырдан бастап күшіне енетін бұйрық тек жылдамдықты тіркейтін камералардың жұмысына қатысты екенін атап өтті. Құжат өлшеу дәлдігі мен рұқсат етілген қателік шегін нақтылайды.Полицияның мәліметінше, жалған ақпарат таратқан азамат анықталған. Рудный қаласының тұрғыны сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/15/36919101_0:3:1659:1247_1920x0_80_0_0_37962b7f010f563c2cfdb91dd4379a9d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылдамдықты асыру
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салынатыны рас па?
Полиция 8 мамырдан бастап күшіне енетін бұйрық тек жылдамдықты тіркейтін камералардың жұмысына қатысты екенін атап өтті
АЛМАТЫ, 4 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желіде "жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салынады" деген ақпарат тарады. Алайда полиция бұл мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды
Polisia.kz. ІІМ мәліметінше, әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі өзгермеген.
"Құқық бұзушылық үшін жауапкершілік бұрынғыдай белгіленген жылдамдықты сағатына 10 шақырымға және одан жоғары асырған жағдайда ғана қарастырылады", – деп түсіндірді полиция.
Ведомство өкілдері 8 мамырдан бастап күшіне енетін бұйрық тек жылдамдықты тіркейтін камералардың жұмысына қатысты екенін атап өтті. Құжат өлшеу дәлдігі мен рұқсат етілген қателік шегін нақтылайды.
"Бұл өзгерістер жүргізушілерге жаңа талаптар енгізбейді және жауапкершілік шегіне әсер етпейді. Сондықтан “сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салынады" деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Полицияның мәліметінше, жалған ақпарат таратқан азамат анықталған. Рудный қаласының тұрғыны сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.