Қостанай облысында жедел жәрдем көлігі адамды қағып кетті

Соққының қатты болғаны соншалық, әйел бірнеше метр жерге ұшып кеткен
Sputnik
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Қостанай облысы Рудный қаласында жедел жәрдем көлігі жолда адамды қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға Ленин көшесінде болған.
Жедел жәрдем көлігі дабылын қосып, қатты жылдамдықпен келе жатқан. Сол сәтте жолдан әйел өтпек болған. Медициналық көлік бірнеше рет сигналын басып ескерту жасаған. Алайда әйел жаяу жүргіншілер жолынан жүгіріп өтпек болған. Өкінішке орай үлгермеген.
Куәгерлердің айтуынша, соққының қатты болғаны соншалық, әйел бірнеше метр жерге ұшып кеткен.
Полиция тергеу жүргізіп жатыр.
"Зардап шеккен адам медициналық мекемеге жеткізілді, полиция тексеру жүргізіп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші оқиға орнында болған, содан кейін Рудный қаласының полиция бөліміне жеткізілді", - дейді Қостанай облыстық полиция департаментінде.
Жедел жәрдем қызметкерін ұрған ер адам сотталды