https://sputnik.kz/20260421/zhedel-zhardem-qyzmetkerin-urgan-er-adam-sottaldy-62847366.html
Жедел жәрдем қызметкерін ұрған ер адам сотталды
Жедел жәрдем қызметкерін ұрған ер адам сотталды
Sputnik Қазақстан
Ол келген жедел медициналық жәрдем бригадасы тиісінше медициналық көмек көрсетпеді деп наразылық білдірген 21.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-21T20:53+0500
2026-04-21T20:53+0500
2026-04-21T20:57+0500
астана
сот
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e9/01/09/49856148_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_cf55af454bbf5993761ee3a7e0848740.jpg
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты медицина қызметкеріне қатысты күш қолданған ер адамға үкім шығарды.Сотта анықталғандай, ер адам алкогольдік масаң күйде сауда үйінің автотұрақ аумағында медицина қызметкеріне қатысты күш қолданған. Ол келген жедел медициналық жәрдем бригадасы тиісінше медициналық көмек көрсетпеді деп наразылық білдірген.Оның заңға қайшы әрекеттерінен фельдшер денсаулығына залал келмегенмен, физикалық ауырсыну келтірілген.Сот сотталушының бұрын сотталмағанын және жасаған ісіне шын жүректен өкінуін жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Қылмыстың алкогольдік масаң күйде жасалуы ауырлататын мән-жай деп танылды.Жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін, сотталушының жеке басын, жәбірленушінің пікірін және істің мән-жайларын ескере отырып, сот ер адамды қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20260409/astanada-darigerdi-urgan-er-adamga-qylmystyq-is-qozgaldy-62516046.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/09/49856148_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_1944d233a0509a2473c9afbc7830ab3c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, сот, қылмыс
Жедел жәрдем қызметкерін ұрған ер адам сотталды
20:53 21.04.2026 (жаңартылды: 20:57 21.04.2026) Ол келген жедел медициналық жәрдем бригадасы тиісінше медициналық көмек көрсетпеді деп наразылық білдірген
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты медицина қызметкеріне қатысты күш қолданған ер адамға үкім шығарды.
Сотта анықталғандай, ер адам алкогольдік масаң күйде сауда үйінің автотұрақ аумағында медицина қызметкеріне қатысты күш қолданған. Ол келген жедел медициналық жәрдем бригадасы тиісінше медициналық көмек көрсетпеді деп наразылық білдірген.
Оның заңға қайшы әрекеттерінен фельдшер денсаулығына залал келмегенмен, физикалық ауырсыну келтірілген.
"Сотталушының кінәсі іс материалдарымен дәлелденді. Ер адам өз кінәсін мойындап, бас бостандығынан айырмауды сұрады. Жәбірленуші қатаң жаза тағайындауды сұрады", - деп жазылған хабарламада.
Сот сотталушының бұрын сотталмағанын және жасаған ісіне шын жүректен өкінуін жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Қылмыстың алкогольдік масаң күйде жасалуы ауырлататын мән-жай деп танылды.
Жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін, сотталушының жеке басын, жәбірленушінің пікірін және істің мән-жайларын ескере отырып, сот ер адамды қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.