Өскеменде зауытта жарылыс болды

Зардап шеккендердің бар-жоғы анықталып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Өскеменде зауытта жарылыс болып, өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
"Зауыттардың бірінің аумағында шаң ұстау құрылғысында газ-ауа қоспасы жарылып, артынша өрт шығып, нысан ішінара опырылған", - деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері барды, зардап шеккендердің бар-жоғы анықталып жатыр. Оперативтік штаб құрылды.
Щучинскідегі жарылыс: тағы екі адам ұсталды