Щучинскідегі жарылыс: тағы екі адам ұсталды

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтуСотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото
Сотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. "Центр плова Loft" кафесіндегі жарылысқа кінәлі деген күдікпен тағы екі адам ұсталды, деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасының сайты.
"Осы жылдың 20 сәуірінде арнайы прокурорлар автомобиль газ құю станциясының директорын, сондай-ақ газ баллондарды жеткізушіні ұстады. Олар баллондарды толтыру және жеткізу бойынша қызметтер көрсету кезінде заңнама талаптарын бұзды деген күдікке ілінді", - деп жазылған хабарламада.
Күдіктілердің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306 - бабының 3-бөлігі бойынша (абайсызда екіден көп адамның ауыр зардаптары мен өліміне әкеп соққан, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету) сараланды.
Аталған бап санкциясы 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.
"Күдіктілердің біріне қамауда ұстау, екіншісіне үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - дейді прокуратура.
Еске сала кетейік, бұған дейін дәмхананың иесі ұсталған болатын.
Жарылыстан 9 адам көз жұмды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2026
Щучинскідегі трагедия: дәмхана иесі ұсталды
Жаңалықтар
0