Музей былтыр 9 мамырда салтанатты түрде ашылды. Бұл іс-шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және батырдың туғанының 115 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Қазақтан шыққан әйгілі әскери қолбасшы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында дүниеге келген.
Музейдің кіреберіс бұрышы Бауыржан Момышұлының жұмыс кабинеті іспеттес етіп жабдықталған. Жұмыс үстелінде жазу машинасы, қалам салғыш, стақан мен сиясауытқа дейін бар.
Кірген бойда көзге түсетін зат - батыр қолданған пианино.
Бауыржан Момышұлының шапаны мен шынар ағашынан жасалған таяғы.
Батыр қолданған қайшы мен ол өз қолымен ойған оюлар. Осы заттардың жоғарысында орналасқан құжаттан Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы бұйрықтың мәтінін оқуға болады.
Бауыржан Момышұлы өмірден озғаннан кейін 1990 жылы берілген "Кеңес Одағының Батыры Алтын Жұлдызы" мен "Ленин ордені" және 1945 жылы берілген "І дәрежелі Отан соғысы ордені".
Ал мұнда Бауыржан Момышұлының 1974 жылы Шерхан Мұртазаға жазған хаты, "Мылтықсыз майдан" кітабы, батырдың қолжазбалары мен сиясауыт, қаламсап және көзілдірік сынды жеке заттар топтастырылған.
Бауыржан Момышұлының былғары сөмкесі.
Бауыржан Момышұлының маузері. Бұл - оның соғыс жылдарында пайдаланған жеке қаруы.
Бауыржан Момышұлының әскери киімі: шинель мен папаха.
Батырдың былғары етігі мен шабаданы. Бұл шабаданды 1932 жылы Бауыржан Момышұлы Қызыл Әскер қатарына шақырылғаннан 1956 жылғы демобилизацияға дейін өзімен алып жүрген.
Бауыржан Момышұлы қолданған дүрбі, құлақшын және планшет.
Стратегиялық карта, лупа, мүштіктер мен компас.
Бауыржан Момышұлының өзі пайдаланған ас жиынтығы: тостаған, ас қасық және ожау.
Бауыржан Момышұлының марапаттары: "Қызыл ту" және "Қызыл Жұлдыз" ордендері, "Мәскеуді қорғағаны үшін", "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін", "За боевые заслуги" медальдері.
Бауыржан Момышұлының қылышы (ұста Дәулет Дәркембайұлы дайындаған көшірме).
Қолбасшының былғарыдан жасалған қалам салғышы, көзілдірігі мен сиясауыты.
Бауыржан Момышұлының мүсіні. Мұны КСРО Халық суретшісі, академик Е.Вучетич дайындаған.
Бауыржан Момышұлы туралы жазылған кітаптар.
"Отан үшін отқа түс - күймейсің!" Бауыржан Момышұлы.