Экспонаттар қатарында Бауыржан Момышұлы қолданған ас ішетін ыдыстар жинағымен қатар оның былғары етігі мен жеке сейфі де бар. Тіпті қолбасшы 1932 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылғаннан 1956 жылғы демобилизацияға дейін өзімен алып жүрген шабаданды да көре аласыз.Бауыржан Момышұлы кәдеге жаратқан тағы қандай жеке дүниелері сақталып қалғанын Sputnik суреттер топтамасынан тамашалаңыз.
Таразда Кеңес Одағының Батыры - Бауыржан Момышұлына арналған музейде батырдың жеке заттарын көруге болады.
Экспонаттар қатарында Бауыржан Момышұлы қолданған ас ішетін ыдыстар жинағымен қатар оның былғары етігі мен жеке сейфі де бар. Тіпті қолбасшы 1932 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылғаннан 1956 жылғы демобилизацияға дейін өзімен алып жүрген шабаданды да көре аласыз.
Бауыржан Момышұлы кәдеге жаратқан тағы қандай жеке дүниелері сақталып қалғанын Sputnik суреттер топтамасынан тамашалаңыз.
Музейдің кіреберіс бұрышы Бауыржан Момышұлының жұмыс кабинеті іспеттес етіп жабдықталған. Жұмыс үстелінде жазу машинасы, қалам салғыш, стақан мен сиясауытқа дейін бар.
Батыр қолданған қайшы мен ол өз қолымен ойған оюлар. Осы заттардың жоғарысында орналасқан құжаттан Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы бұйрықтың мәтінін оқуға болады.
Бауыржан Момышұлы өмірден озғаннан кейін 1990 жылы берілген "Кеңес Одағының Батыры Алтын Жұлдызы" мен "Ленин ордені" және 1945 жылы берілген "І дәрежелі Отан соғысы ордені".
Ал мұнда Бауыржан Момышұлының 1974 жылы Шерхан Мұртазаға жазған хаты, "Мылтықсыз майдан" кітабы, батырдың қолжазбалары мен сиясауыт, қаламсап және көзілдірік сынды жеке заттар топтастырылған.
Батырдың былғары етігі мен шабаданы. Бұл шабаданды 1932 жылы Бауыржан Момышұлы Қызыл Әскер қатарына шақырылғаннан 1956 жылғы демобилизацияға дейін өзімен алып жүрген.
Бауыржан Момышұлының марапаттары: "Қызыл ту" және "Қызыл Жұлдыз" ордендері, "Мәскеуді қорғағаны үшін", "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін", "За боевые заслуги" медальдері.