АЛМАТЫ, 3 мамыр – Sputnik. Екібастұзда полицейлер хабар-ошарсыз кеткен ер адамды тапты, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
"Қала аудандарының бірін патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары бағдарын жоғалтқан ер адамды байқайды. Тексеру барысында оның іздеуде жүргені анықталған", - деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақырылып, дәрігерлер тексеріс жүргізді. Кейін ер адам қалалық орталық ауруханаға жеткізілді.