Польшада жоғалып кеткен қазақстандық әйел өлі табылды

© SputnikЗдание министерства иностранных дел РК В Астане
Здание министерства иностранных дел РК В Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2026
Жазылу
Екатерина Шилова Қазақстанға оралар сәтте аяқ астынан хабар-ошарсыз кеткен
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Польшада жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қазақстандық Екатерина Шилова өлі табылды. Бұл ақпаратты сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Екатерина Шилова Қазақстанға оралар сәтте аяқ астынан хабар-ошарсыз кеткен. Екатеринаны туыстары іздеп, бірден дабыл қаққан.
"Екатерина Қазақстанға оралу керек болған. Бірақ дәл ұшаққа отыратын кезде ол келмейтінін жазды. Айтуынша, Германияда жақсы бір жұмыс табылған. Мән-жайды қолы босағанда түсіндіремін деді", - дейді Екатеринаның әпкесі.
43 жастағы әйел сол күйі хабар-ошарсыз кеткен.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Польша аумағында Екатерина Шилованың қаза тапқанын растады.
"Қазақстанның Польшадағы елшілігі марқұмның туған-туыстарымен, сондай-ақ Польша тарапының құзыретті органдарымен байланыста және консулдық-құқықтық мәселелер бойынша, соның ішінде мәйітті отанына репатриациялау мәселесі бойынша қажетті көмек көрсетуде", - дейді министрлік.
Бұл мәселені сыртқы істер министрлігі өз бақылауына алған.
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2025
Ешкімге айтпастан шетелге ұшып кеткен әйел құлдыққа түсіп қала жаздады
Жаңалықтар
0