Жаңаөзенде кісі қолынан өлген дәрігерге қатысты сот басталды

Сот отырысы әлеуметтік желіде талқыланып жатыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 1 мамыр - Sputnik. Жаңаөзенде жұмыс орнында көз жұмған дәрігер Нұрдәулет Аманғалиевке қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Lada.kz.
Қоғамда резонанс тудырған іс Ақтаудың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қаралып жатыр.
Сот процесіне қатысқан блогер Азамат Сәрсенбаевтың айтуынша, қайғылы оқиғаға қызғаныш себеп болған. Айыпталушы – 14 жыл некеде тұрған және бес қыздың әкесі.
Блогердің айтуынша, ол қатты күйзеліске түсіп, дәрігердің жұмысына келіп, оған бірнеше рет пышақ салған. Содан кейін полицияға өзі барған.
Естеріңізге сала кетейік, биыл қаңтарда Жаңаөзенде дәрігерді пышақтап кеткен болатын.
Жаңаөзенде 29 жастағы дәрігер пышақ жарақатынан көз жұмды