АЛМАТЫ, 1 мамыр - Sputnik. Алматыда 1 мамыр мерекесіне орай тұрғындар мен қонақтарға мерекелік іс-шаралардың ауқымды бағдарламасы жоспарланған.
Дәл қазіргі сәтте Абай алаңында "Бірлігі жарасқан Алматы" атты Достық фестивалі басталды.
Алматылықтар 1 мамыр мерекесін тойлап жатыр
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Фестиваль аясында қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Нұрлан Өнербаев, Зарина Алтынбаева, Маржан Арапбаева, "Алатау серілері" сынды өнер жұлдыздары мен бірқатар би ансамбльдері халыққа өнерлерін паш етеді.
Алматылықтар 1 мамыр мерекесін тойлап жатыр
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Кейін Абай алаңында сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін мерекелік бағдарлама Dostyk Fest концертімен жалғасады.
Алматылықтар 1 мамыр мерекесін тойлап жатыр
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Сондай-ақ Абай алаңында мерекелік гастрономиялық жәрмеңке өтеді.
Алматылықтар 1 мамыр мерекесін тойлап жатыр
© Sputnik
Ал 2 мамырда сол алаңда "Отбасы Банкімен" бірлесіп ұйымдастырылған "Отбасы Fest" отбасылық фестивалі өтеді.