Қазақстандықтар қандай азық-түлікті көп тұтынады - статистика

Негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну бір ай ішінде үй шаруашылығының бір мүшесіне шаққандағы орташа көлем ретінде есептеледі
Sputnik
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқы қандай азық-түлікті көп тұтынатыны бойынша мәліметтерді жариялады.
"2025 жылы бұған дейінгі жылмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерінің барлық негізгі тобы бойынша тұтыну көрсеткіші өскен", - деп жазылған хабарламада.
Орта есеппен жан басына шаққанда бір айдағы тұтыну көлемі мынандай:
картоп – 3,8 кг
1-сұрыптағы бидай ұнынан пісірілген нан – 2,4 кг
сиыр еті – 2,1 кг
алма – 1,6 кг
құмшекер – 1,5 кг
күріш – 1,4 кг
шикі сүт – 1,1 литр
айран – 1 литр
жұмыртқа – 17,6 дана
макарон өнімдері – 0,9 кг
жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг
қара шай – 0,1 кг
Негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну бір ай ішінде үй шаруашылығының бір мүшесіне шаққандағы орташа көлем ретінде есептеледі, дейді статистика мамандары.
Көрсеткіштер тұтынылған өнімдердің жалпы көлемін үй шаруашылығы мүшелерінің санына бөлу арқылы анықталады.
Наурызда 170 мың автокөлік есепке алынды - статистика