АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Чех компаниялары Қазақстанмен өзара іс-қимылды кеңейтуге және нарықтағы қатысу үлесін арттыруға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов пен Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш қатысқан бизнес форумда айтылды.
Өзара табысты іс-қимыл мысалдарының бірі – Škoda Auto компаниясының $8,2 млн-ға автокөлік құрастыру жобасын іске қосуы.
"BBS кәсіпорны осы жылдың соңына дейін 9 млн долларға жылу алмастырғыш жабдықтар өндірісін бастауды жоспарлап отыр. Энергетикалық секторда бұрын жасалған уран жеткізу туралы ұзақмерзімді келісім шеңберінде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-мен ČEZ компаниясының серіктестігі перспективалы болып саналады", - деп жазылған үкіметтің хабарламасында.
Форум қорытындысы бойынша Қазақстан мен Чехия компаниялары арасында ынтымақтастық туралы 6 меморандумға қол қойылды. Энергетика, көлік, машина жасау, сақтандыру және тағы да басқа салаларда бірлескен кәсіпорындар құру көзделген.