Қазақстан мен Чехия компаниялары ынтымақтастық туралы 6 меморандумға қол қойды

© Пресс-служба правительства КазахстанаПремьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел встречу с премьер-министром Чешской Республики Андреем Бабишем, прибывшим в Астану с официальным визитом
Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел встречу с премьер-министром Чешской Республики Андреем Бабишем, прибывшим в Астану с официальным визитом - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2026
Жазылу
BBS кәсіпорны осы жылдың соңына дейін жылу алмастырғыш жабдықтар өндірісін бастауды жоспарлап отыр
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Чех компаниялары Қазақстанмен өзара іс-қимылды кеңейтуге және нарықтағы қатысу үлесін арттыруға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов пен Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш қатысқан бизнес форумда айтылды.
Өзара табысты іс-қимыл мысалдарының бірі – Škoda Auto компаниясының $8,2 млн-ға автокөлік құрастыру жобасын іске қосуы.

"BBS кәсіпорны осы жылдың соңына дейін 9 млн долларға жылу алмастырғыш жабдықтар өндірісін бастауды жоспарлап отыр. Энергетикалық секторда бұрын жасалған уран жеткізу туралы ұзақмерзімді келісім шеңберінде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-мен ČEZ компаниясының серіктестігі перспективалы болып саналады", - деп жазылған үкіметтің хабарламасында.

Форум қорытындысы бойынша Қазақстан мен Чехия компаниялары арасында ынтымақтастық туралы 6 меморандумға қол қойылды. Энергетика, көлік, машина жасау, сақтандыру және тағы да басқа салаларда бірлескен кәсіпорындар құру көзделген.
Қазақстан мен Моңғолия келіссөздерден кейін 13 құжат алмасты - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2026
Қазақстан мен Моңғолия келіссөздерден кейін 13 құжат алмасты
Жаңалықтар
0