АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Маңғыстау облысында құбыр жарылып, су бұрқырап атқылады.
Оқиға Қарақия ауданының өнеркәсіптік аймағында болған.
Облыстық қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның су айдау құбыры жарылған.
Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта құбыр қалыпты жұмыс режиміне қосылды.