Ақтаудағы мектептердің бірінде батарея жарылды

Жылу батареясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2026
Жазылу
Оқу кабинеттері мен жылу жүйесі қазір қалыпты жағдайда тұр
АСТАНА, 21 қаңтар - Sputnik. Ақтау қаласындағы IT мектеп-лицейінде жылу батареясы жарылды, деп хабарлайды қалалық білім басқармасы.
Оқиға 21 қаңтарда болған.
"Үзіліс кезінде қазақ тілі блогының дәлізіндегі жылу жүйесінің батареясы жарылды. Салдарынан ыстық су төменгі блокқа тарады", - дейді білім басқармасында.
Оқу кабинеттері мен жылу жүйесі қазір қалыпты жағдайда тұр. Су кеткен блоктағы сабақтар басқа блоктарға көшіріліп, оқу процесі жалғасты.
Қазіргі уақытта қалпына келтіру және ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екінші ауысым сабақтары штаттық режимде жүріп жатыр.
Зардап шеккендер жоқ, дейді басқармада.
Ақмола облысында мектептен өрт шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2025
Ақмола облысында мектепте өрт шықты
Жаңалықтар
0