ЕЭК кеңесі таңбалануға тиіс тауарлар тізімін кеңейтті

Тізімге шай, кофе, какао, лак-бояу өнімдері, балалар ойыншықтары және құрылыс материалдары енгізілді
Sputnik
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі ЕАЭО елдерінің бірқатар ұсынысын қарап, Одақта таңбалануға тиіс тауарлар тізімін кеңейтті.
Тізімге шай, кофе, какао, лак-бояу өнімдері, балалар ойыншықтары және құрылыс материалдары енгізілді.
ЕЭК хабарлауынша, таңбаланған өнім санаттары санының кеңеюі Одақтың ортақ таңбалау жүйесінің дамығанын көрсетеді.
"Бұл тұтынушыларға өнімдердің түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді және заңсыз айналымды азайту арқылы нарықтың адал қатысушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттырады", - деді ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Қол қойылған құжаттарға сәйкес, мүше мемлекеттер ЕЭК-ке алты айдан кешіктірмей хабарлай отырып, өз аумақтарында өнімдерді енгізу күнін және таңбалау тәртібін дербес анықтайды.
ЕАЭО елдері метеоқызметтер нарығы саласында ақпарат алмасады