Алматыда ер адам көшеде пышақ ұстап, іш киіммен жүр - полиция не дейді

Ұстау кезінде өзін оғаш ұстаған, өз әрекеттеріне нақты түсініктеме бере алмаған
Sputnik
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Алматы көшесінде қолына пышақ ұстаған жалаңаш ер адам жүрген. Оқиғаға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.
Қолында пышағы бар ер адам тұрғындардың үрейін тудырған. Оқиғаның бейнезжазбасы әлеуметтік желіде тарады. Полиция оның кім екенін анықтаған. Хабарлауынша, ол 1990 жылы туған шетел азаматы.
"Полиция қызметкерлері оны жедел түрде анықтап, ұстады. Ол – 1990 жылы туған шетелдік азамат. Ұстау кезінде өзін оғаш ұстаған, өз әрекеттеріне нақты түсініктеме бере алмаған", - дейді Алматы қалалық полиция департаментінде.
Полицияның айтуынша, ер адам бұл аумақта орналасқан қандай да бір ұйымдарға еш қатысы жоқ.
"Қазіргі уақытта ол қабылдау-тарату орнына орналастырылды. Сонымен қатар оның тарапынан көші-қон заңнамасын бұзу фактілері тіркелді", - дейді полицияда.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Алматыда ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақ ала жүгірген