https://sputnik.kz/20260330/almatyda-er-adam-zhedel-zhardem-qyzmetkerlerine-pyshaq-ala-zhugirgen--62261479.html
Алматыда ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақ ала жүгірген
Алматыда ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақ ала жүгірген
Sputnik Қазақстан
Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды 30.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-30T12:00+0500
2026-03-30T12:00+0500
2026-03-30T12:28+0500
алматы
жедел жәрдем
ер адам
полиция
https://sputnik.kz/img/90/62/906286_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_1c03c6ccf5d04f9479cb9ba1a7d10bb0.jpg
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Алматы қаласында жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақ ала жүгірген ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұған дейін әлеуметтік желіде жедел жәрдем қызметкерлері түсірген видео тарады. Онда қолына пышақ алған ер адамның көліктің есігін жұлқылап тұр. Оның мас күйінде жүргені анық көрінеді. Полиция бұл оқиғаның Жетісу ауданында болғанын растады. Оқиға орнына полиция шақырылды. Олар құқық бұзушыны ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодексінің 380-3-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.Айта кетері, осы бап медицина қызметкеріне немесе жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты күш қолданудан қорғайды. Ондай әрекет үшін 200-500 АЕК-ке дейінгі (865 000-2 162 500 теңге) айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 300 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
https://sputnik.kz/20250719/qostanayda-darigerdi-urgan-er-adam-qamauga-alyndy-55786000.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/90/62/906286_192:0:913:541_1920x0_80_0_0_c67da94d66d1a49694709daaa894ad2d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жедел жәрдем, ер адам, полиция
алматы, жедел жәрдем, ер адам, полиция
Алматыда ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақ ала жүгірген
12:00 30.03.2026 (жаңартылды: 12:28 30.03.2026) Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Алматы қаласында жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақ ала жүгірген ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде жедел жәрдем қызметкерлері түсірген видео тарады. Онда қолына пышақ алған ер адамның көліктің есігін жұлқылап тұр. Оның мас күйінде жүргені анық көрінеді. Полиция бұл оқиғаның Жетісу ауданында болғанын растады.
"Жедел медициналық көмек бригадасы шақырту бойынша науқасқа келген. Алайда сол жерде болған оның ұлы мас күйде өзін агрессивті ұстаған. Қорқытып, айналадағыларға қауіп төндіретін заттарды көрсеткен", - дейді тәртіп сақшылары.
Оқиға орнына полиция шақырылды. Олар құқық бұзушыны ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодексінің 380-3-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетері, осы бап медицина қызметкеріне немесе жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты күш қолданудан қорғайды. Ондай әрекет үшін 200-500 АЕК-ке дейінгі (865 000-2 162 500 теңге) айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 300 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.