АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі республикаға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салу туралы бұйрық жариялады.
Ол 2026 жылдың 21 қазанына дейін күшінде болады.
"Тауық жұмыртқасының Қазақстан арқылы транзитін, сондай-ақ оларды ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттен ЕАЭО мүше екінші мемлекетке Қазақстан арқылы тасымалдауды қоспағанда үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен барлық көлік түрімен тауық жұмыртқасын Қазақстанға әкелуге алты айға тыйым салынсын", - делінген құжатта.
2025 жылдың желтоқсанында Қазақстан сәуір айында енгізілген тауық жұмыртқасын әкелуге салынған тыйымды тағы бір айға ұзартты.
Құжатта отандық өндірушілерді қолдау осы шаралардың себебі ретінде көрсетілген.