АСТАНА, 27 сәуір-Sputnik. Жоғары аудиторлық палата "Болашақ" білім беру бағдарламасы бойынша стипендия тағайындауда заң бұзушылықтарды анықтады.
Белгілі болғандай, 150-ден астам стипендия шектен тыс тағайындалған.
"Іріктеу талаптарына сәйкес келмесе де, министрліктің шешімімен 340 үміткерге 7,7 млрд теңгеге стипендия тағайындалған. Сонымен қатар 151 стипендия бекітілген шектен тыс тағайындалған", - деді палата мүшесі Тілеген Қаскин.
Оның айтуынша, жасанды интеллект бойынша жоспарланған 54 стипендияның тек 5-і ғана беріліп, қалған 49-ы басқа бағыттарға қайта бөлінген.