https://sputnik.kz/20260427/auditorlar-oqudan-shygarylgan-studentterge-shamamen-20-mlrd-tenge-zhumsalganyn-anyqtady-63000081.html
Елде оқудан шығарылған студенттерге шамамен 20 млрд теңге жұмсалған
Елде оқудан шығарылған студенттерге шамамен 20 млрд теңге жұмсалған
Sputnik Қазақстан
Жоғарғы аудиторлық палата жоғарғы білім саласында көптеген бұзушылықты анықтады 27.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-27T12:43+0500
2026-04-27T12:43+0500
2026-04-27T12:55+0500
жоғары аудиторлық палата
мәжіліс
студенттер
https://sputnik.kz/img/82/38/823868_0:160:2049:1312_1920x0_80_0_0_219d4d2ca4d48d99e3008418d268a248.jpg
АСТАНА, 27 сәуір-Sputnik. Жоғары білім беру саласы тұрақты және дәйекті стратегиялық логикасыз дамып жатыр, деп мәлімдеді Жоғары аудиторлық палата мүшесі Тілеген Қаскин мәжілісте.Оның айтуынша, 2022 жылы басым бағыттар бойынша 9 мыңнан астам грант, оның ішінде инженерлік мамандықтар бойынша 6 мыңнан астам және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша 3 мыңға жуық грантқа талап болмай қалған.Сондай-ақ кадрларды даярлаудағы мемлекеттік тапсырыста да проблемалар анықталған."2023-2024 жылдары оператор арқылы қаражаттың шамамен 40%-ғана өткен. Қалған қаражат бірыңғай есепке алу контурынан тыс бөлінген. Бұл ретте жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі 63%-тен төмен 67 жоғарғы оқу орнына 246 грант бөлінген. Әрбір білім алушы бойынша академиялық кредиттер мен қаржыландырудың орталықтандырылған есебі жоқ. Мұнымен қоса, бұрын оқудан шығарылған адамдарға 85 млн теңгенің гранттары қайта бөлінген. Бұндай 33 факт анықталды", - деді аудиторлар.Жалпы 2022-2024 жылдар аралығында жоғарғы оқу орындарынан 24 мыңға жуық студент шығарылды. Олардың оқуына 19,6 млрд теңге жұмсалған. Оның 10 мыңы бойынша жүйеде пайдаланылған гранттар сомасы туралы мәліметтер жоқ.Қаскиннің айтуынша, осылайша олар міндеттемені ресми түрде орындап жүргендер болып есептеледі, бірақ іс жүзінде экономикаға маман бермейді.
https://sputnik.kz/20260421/soltustik-qazaqstan-2-mlrd-tenge-byudzhet-qarazhaty-zhymqyrylgan-62824418.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/82/38/823868_90:0:1913:1367_1920x0_80_0_0_460fad819bf0de7a35236242782ed48d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жоғары аудиторлық палата, мәжіліс, студенттер
жоғары аудиторлық палата, мәжіліс, студенттер
Елде оқудан шығарылған студенттерге шамамен 20 млрд теңге жұмсалған
12:43 27.04.2026 (жаңартылды: 12:55 27.04.2026) Жоғарғы аудиторлық палата жоғарғы білім саласында көптеген бұзушылықты анықтады
АСТАНА, 27 сәуір-Sputnik. Жоғары білім беру саласы тұрақты және дәйекті стратегиялық логикасыз дамып жатыр, деп мәлімдеді Жоғары аудиторлық палата мүшесі Тілеген Қаскин мәжілісте.
Оның айтуынша, 2022 жылы басым бағыттар бойынша 9 мыңнан астам грант, оның ішінде инженерлік мамандықтар бойынша 6 мыңнан астам және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша 3 мыңға жуық грантқа талап болмай қалған.
"Жыл сайын жоғарғы оқу орындарын 20 мыңға жуық IT-маман бітіреді, бірақ мамандық бойынша 30%-ы ғана жұмыс істейді. Бұл тек гранттар саны ғана емес, сонымен қатар болжау және жұмыс берушілермен байланыс жұмысының сапасына қатысты", - деді Қаскин.
Сондай-ақ кадрларды даярлаудағы мемлекеттік тапсырыста да проблемалар анықталған.
"2023-2024 жылдары оператор арқылы қаражаттың шамамен 40%-ғана өткен. Қалған қаражат бірыңғай есепке алу контурынан тыс бөлінген. Бұл ретте жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі 63%-тен төмен 67 жоғарғы оқу орнына 246 грант бөлінген. Әрбір білім алушы бойынша академиялық кредиттер мен қаржыландырудың орталықтандырылған есебі жоқ. Мұнымен қоса, бұрын оқудан шығарылған адамдарға 85 млн теңгенің гранттары қайта бөлінген. Бұндай 33 факт анықталды", - деді аудиторлар.
Жалпы 2022-2024 жылдар аралығында жоғарғы оқу орындарынан 24 мыңға жуық студент шығарылды. Олардың оқуына 19,6 млрд теңге жұмсалған. Оның 10 мыңы бойынша жүйеде пайдаланылған гранттар сомасы туралы мәліметтер жоқ.
"Оқудан шығарылған студенттерден қаражатты қайтарудың толыққанды тетігі жоқ. Магистратураға түсіп, ары қарай оқудан шығу арқылы жұмыстан кету схемасын қолданады. Тек осы санат бойынша болжамды залал 10,8 млрд теңгеге жеткен. Тағы бір жарым мыңға жуық түлек "жұмыс іздеуші" мәртебесіне ие", - деді Жоғары аудиторлық палата өкілі.
Қаскиннің айтуынша, осылайша олар міндеттемені ресми түрде орындап жүргендер болып есептеледі, бірақ іс жүзінде экономикаға маман бермейді.