Алматы облысында әкесін ұрып өлтірген ер адам сотталды

Жәбірленушінің кеуде қуысы мен өкпесіне зақым келген
Sputnik
АЛМАТЫ, 27 сәуір – Sputnik. Алматы облысы Райымбек ауданында әкесін ұрып өлтірген ер адамға от үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық сот.
Қайғылы оқиға 2024 жылдың 10 қазанында болған. Әкесі мен баласы жанжалдасып қалған.
"Мас болған сотталушы жәбірленушінің басы мен дене тұсына қолымен және аяғымен бірнеше рет соққы жасаған. Жәбірленушінің кеуде қуысы мен өкпесіне зақым келген, қабырғалары бірнеше жерден сынған. Сараптама қорытындысына сәйкес, денеге 15 рет соққы жасалған", - делінген сот хабарламасында.
Айыпталушы өз кінәсін мойындамаған. Сот үкімімен ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Талдықорғанда 18 жастағы бозбала әкесін ұрып өлтірді – полиция