Талдықорғанда 18 жастағы бозбала әкесін ұрып өлтірді – полиция

© Sputnik / Абзал КалиевПолицей формасы
Полицей формасы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 7 ақпан – Sputnik. 18 жастағы Талдықорған тұрғыны әкесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.
Талдықорғандағы Көктал шағын ауданында 50 жастағы ер адамның мәйіті табылған. Марқұмның денесінен зорлық-зомбылықтың белгілері анықталған.
Полицияның мәліметінше, 18 жастағы бозбала әкесімен жанжалдасып, оны ас үй табасымен ұрып өлтірген.
"Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде тіркелді", – делінген ІІМ хабарламасында.
Іс бойынша сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2022
Түркістан облысының тұрғыны несиесін жабу үшін әкесін өлтіртпек болған
Жаңалықтар
0